Қала күнін тойлау жалғасып жатыр

17.09.2023 20:06

Қала тұрғындары мен қонақтары қолөнер жәрмеңкесі, өнер көрмесі, әртістердің қойылымы және көптеген қызықты ойын-сауық іс-шарасын тамашалап жүр

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала аудандарында және Панфилов пен Жібек жолы көшелерінде «Туған күніңмен, Алматым!» атты фестиваль өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мереке Абай алаңында да тойланып жатыр. 

Қала тұрғындары мен қонақтары қолөнер жәрмеңкесі, өнер көрмесі, әртістердің қойылымы және көптеген қызықты ойын-сауық іс-шарасын тамашалап жүр.