Айтыс "Алатау" дәстүрлі өнер театрында өтіп жатыр
Алматыда қала күніне орай ұйымдастырылып жатқан жекпе-жек айтыс басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айтыс "Алатау" дәстүрлі өнер театрында өтіп жатыр. Айтыстың жүргізушісі - мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Ринат Зайытов.
Айтыстың мақсаты:
- 30 жылдан астам формасы өзгермейтін айтыс өнерін жаңа арнаға салып, бабалардан қалған жекпе-жек айтыс өнерін қайта жаңғыртып, айтыс өнері мен ақындар мәртебесін көтеру;
- Мыңжылдық тарихы бар Алматы қаласын ақындарға кеңінен уақыт беріп, терең әрі мазмұнды жырлату;
- Тәуелсіздіктен кейін қол жеткізген еліміздің жетістіктерін, бағындырған биіктерін, қарышты қадамын төл өнеріміз – айтыс арқылы жырлау, халықты өз отанын, елін, жерін, ұлттық құндылықтарды сүюге тәрбиелеу.
Қатысушылар:
- Қазірет Бердіхан – Алматы қаласы, республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері, Асыл домбыра – 2021 иегері;
- Аспанбек Шұғатаев – Кереку өңірі, республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері, Алтын домбыра иегері, Барыс орденінің иегері;
- Айшолпан Тілеутай – Абай облысы, республикалық «Алаш сенген жастар» атты жыр мүшайрасының, халықаралық «Мәңгілік ел – менің елім» жыр мүшайрасының жеңімпазы, «Жұлдызды жекпе-жек» айтыс шоуының көрермен көзайымы;
- Мұрадым Мирланов – Орал қаласы, республикалық «Жалындаған Жайық-жыр» айтысының басжүлдесінің, республикалық айтыстардың жеңімпазы.
Қазылар алқасының құрамы:
1. - Ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Басқарма Төрағасы Жүрсін Ерман;
2. - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет;
3. - Зейнолла Сәнік атындағы Мәдениет қорының атқарушы директоры Серік Қалиев.