Алматылық такси жүргізушілері төлемді аударыммен қабылдаудан бас тартып жатыр

Almaty TV
Almaty TV

Қызмет көрсету үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Такси жүргізушілерінің қолма-қол ақша төлеу талаптары заңды ма деген сауалға  Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Жаңа жылдан кейін алматылықтар мынандай  мәселеге тап болды - такси жүргізушілері төлемді аударыммен қабылдаудан бас тартуда. Мұндай талаптар қаншалықты заңды? Бұл туралы Алматының Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Сарапшылар соңғы жылдары мобильді банктік қосымшалардың танымалдығы артқанын, кәсіпкерлер оларды тауарларды сату және қызмет көрсету үшін төлемдерді қабылдау кезінде көбірек қолданатынын атап өтті.

Алайда жекелеген кәсіпкерлер сатылған тауар немесе көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшамен төлеуді талап ете отырып, қолма-қол ақшасыз есептесуден бас тартқан жағдайлар бар.

Журналистер «егер такси жүргізушілері ақша аударымын қабылдамаса не істеу керек» деген сұрақ қойды.

- Егер адам такси қызметін көрсетсе, онда ол тиісінше жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Сіз такси агрегаторлары арқылы, арнайы қосымшаларда тіркеле аласыз. Оның өз пайыздары бар. Сіз e-Salyq Business немесе Яндекс Таксиде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, басқа әлеуметтік төлемдермен бірге ай сайын 1 пайыз төлей аласыз. Қазір салық міндеттемелерін орындау жеңілдетілді. Есеп беруді тапсыру да жеңілдетілген. QR-кодтарды орналастыру да қиындық туғызбайды, - деді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Айжан Бекеева.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болмақ.

- Біз бұған дейін айтқанымыздай, салық режимін қолданудың арнайы түрлері бар. Такси жүргізушілері үшін салық жүктемесінің пайызы небәрі 1 пайыз болады. Адам бір ай бойы такси болып жүріп, 100 мың теңге тапса, оның 1 пайыз салығы – 1000 теңге. Оған қоса оның әлеуметтік төлемдері бар. Сонымен бұл қосымша не үшін ыңғайлы? Кассалық машина қазірдің өзінде орнатылған. Ай сайынғы қызметті сатып алу, төлеу қажеттілігі жоғалады. Яғни, ол такси қызметін көрсете алады, чекті электронды форматта жазып, оны клиентке жібере алады, – деп атап өтті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды әкімшілендіру басқармасының басшысы Нұрлыбек Успанов.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы Мемлекеттік кіріс органдарына хабарлау қажет.

Оқи отырыңыз: Мобильді аударымдар: қолма-қол ақшасыз төлем жүргізу кезінде нені білу керек

Новости партнеров