Алматыда кептеліс көп жол учаскелерінде салынып жатқан үш жолайрықтың құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар – Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің бойында салынып жатқан жолайрықтар.
Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі бойындағы жолайрығы кіші жол айналымының құрамына енеді. Жолайрығы қаланың солтүстік бөлігіндегі көлік легін жеңілдетеді.
Осы жылдың соңында келесі жылдың басында Бұқтырма көшесі мен Құлжа тракті қиылысындағы жолайрығының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жолайрығын пайдалануға беру Түрксіб ауданы мен қала маңындағы елдімекендердегі 350 мыңға жуық тұрғынның мобильділігін арттырады.
Сонымен қатар, орталық бөлікті қала шекарасымен байланыстыратын негізгі көшелерді үңгілеу жалғасуда. Абай даңғылын қала шекарасына дейін созу жұмыстары екі учаскеде жүріп жатыр, Момышұлы даңғылынан Әшімов көшесіне дейін және Әшімов көшесінен қала шекарасына дейін.
Сондай-ақ, Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін және Нұрлы көшесін Сабденов көшесінен Райымбек даңғылына дейін үңгілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қонаев көшесін (Жандосов көшесінің жалғасы) Яссауи көшесінен ұзындығы 1,2 шақырым болатын Әшімов көшесіне дейін реконструкциялау жалғасуда.
Бұл нысандар іске қосылған кезде, қала тұрғындарының мобильділігі артады, мегаполистегі жол қозғалысынның жүктемесі азаяды.