Шымкенттік азамат үйді казиноға айналдырған
Қылмыстық кодекстің 307-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкент қаласының тұрғыны пәтерде казино ашқаны үшін сотталды. Бұл туралы өңірлік Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Заңсыз құмар бизнесін ұйымдастырған азамат 4-шағын аудандағы пәтерді жалға алып, өзінің таныстарына «покер» ойнатқан. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде покерге арналған 3 жамылғы, 1 бейне тіркегіш және 1 мың 400-ден астам казино фишкалары тәркіленді. Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен заң бұзған қала тұрғыны қылмыстық кодекстің 307-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, оған 600 мың теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45