|
26.04.2022 | 15:09
2894

Алматы тауларында өрттің алдын алу үшін дрон пайдаланылады

Таулы-орманды аумақты патрульдеу демалыс және мереке күндері жүргізіледі

Алматы тауларында өрттің алдын алу үшін дрон пайдаланылады  catalogueofarticles.com

Алматының таулы аймақтарында өрттің алдын алу мақсатында рейд басталды. Оны дауыс шығаратын құрылғысы мен тепловизоры бар дрон бақылайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Самат Асаиновтың сөзінше, ұшқышсыз ұшатын аппараттар өрттің орнын анықтауға және оқиға орнына мобильді топты жіберуге мүмкіндік береді. 

«Біз бұл дронды былтыр сатып алдық. Ол - бір шақырым биіктікке көтеріліп, жеті шақырымға дейін ұша алады. Ұшқышсыз ұшақ бейнекамерамен және тепловизормен жабдықталған, ол өрт туралы ақпаратты бірден анықтап, мобильді топқа жібереді», - деді спикер. 

Оның айтуынша, дрон туристер жиі баратын бағыттарға жіберіледі. Таулы-орманды аумақты патрульдеу демалыс және мереке күндері жүргізіледі. Сонымен қатар, ол күннің ысуына байланысты Алматыда жоғары өрт қаупі сақталатынын еске салды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир