|
26.04.2022 | 15:29
939

Вайнер Мейіржан Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды

Ол сот бекіткен қатаң тәртіпті орындауға міндетті

Вайнер Мейіржан Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды Almaty.tv

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы вайнер Мейіржан Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұған дейін белгіленген 10 тәулікке дейінгі қамау мерзімін ұзартқан жоқ. Десе де, тергеушілер оны екі айға дейін қамауды сұраған еді. Енді әзілкеш тергеу изоляторынан арнайы қолхатпен үйқамаққа шығарылады. Ол елден рұқсатсыз шығуға және сот бекіткен қатаң тәртіптерді орындауға міндетті.

«Мейіржан Төребаевқа қатысты сот бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды. Бұған дейін белгілігенген 10 тәулікке дейінгі қамау мерзімін ұзартқан жоқ. Ал Astex.кz қаржы ұйымына қатысты тергеу жұмыстары әлі де жүргізілуде. Қалалық соттың қарауына келіп түскен жоқ. Өзге де ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – деді қалалық соттың ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Ал Astex.кz қаржы ұйымына қомақты ақша салып алданған тұрғындарға біртіндеп ақшаның қайтарылып жатқанын айтты. Компанияға 18 млн теңге салған Ұлан Бақырбае қазір бірнеше пайызын ғана қайтарып алған.

«Astex.кz қаржы ұйымына 128 адам ақша салдық. Жалпы келтірілген шығын көлемі 1 млрд 124 млн теңге болды. Ол қаржылық ұйымның құрылтайшысы Алмас Құрманғалиевтің туған бауыры Шыңғыс Құрманғалиев 128 адамға 90 млн теңге болатын ақшаны үлестіріп берді. Бірақ ол біз құйған ақшаның 8 пайызы ғана», – деді зардап шегуші Ұлан Бақырбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир