Алматыда «Медеу» биік таулы спорт кешенінің 50 жылдығына арналған мерекелік шара өтеді

ainews.kz
ainews.kz
Мереке көрнекті қазақ спортшылары мен жаттықтырушыларының шеруімен ашылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы «Медеу» биік таулы спорт кешенінің 50 жылдығына орай 25 желтоқсанда мұз айдыны аумағында салтанатты мереке өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматылықтар мен қала қонақтары мәнерлеп сырғанаудан танымал спорт жұлдыздары Роман Костомаров, Евгения Медведева, Татьяна Тотьмянина, Максим Маринин, Оксана Домнина, Максим Шабалин және Морис Квителашвилидің қатысуымен болатын шоуды тамашалайды.    

Мұз айдыны аумағында бірқатар көңіл көтеретін интерактивті алаңдар мен тарихи аймақтар болады.

Мереке көрнекті қазақ спортшылары мен жаттықтырушыларының шеруімен ашылады. Сондай-ақ мұз айдынында өзінің ерекше бағдарламасымен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері және II Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева өнер көрсетеді.

Мереке аясында Анастасия Игнатьеваның дирижерлік етуімен аты аңызға айналған «Мұзды симфония» мұз балеті мен Илья Овербухтың «Жүрек те жанып тұр» гала-шоуы өтеді. Сондай-ақ, қонақтар қазақтың тұңғыш мұз шоуы «Olumpic Show» қойылымын тамашалай алады.    

Мерекенің шарықтау шегі - қазақстандық әртіс әрі әнші Молданазардың кешкі концерті. «Медеу» биік таулы спорт кешенінің салтанаты мерекелік түнгі отшашумен аяқталады.

Мерекелік бағдарлама сағат 15:00-де басталады.

Новости партнеров