Алматы өңдеу өнеркәсібінің көлемі бойынша ең жоғары көрсеткішке ие

23.04.2021 20:12

Бірінші тоқсанда тауар айналымы 2 984,1 млрд теңгені құрады

Фото: kursiv.kz

Алматыда бірінші тоқсанда машина жасау саласы қарқынының 5,6 есеге өскені тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин осындай пікірде. Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында ол өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі (НКИ) 118% - дан асқанын, ал өндіріс көлемінің үлесі 328,4 млрд.теңгеге тең екенін хабарлады. Бұл ретте машина жасау жоғары қарқынмен дамуда. Бұл көрсеткіш 5 еседен артық өскен.

Онлайн-брифингте Еркебұлан Оразалин өңдеу өнеркәсібіндегі қарқынды өсім сақталып отырғанын айтты. Өңдеудің нақты көлемінің индексі 124,9%-ды (254,3 млрд теңге, үлесі - 77,4%) құрады және республикадағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады, бұл машина жасау саласының өсуімен байланысты. Бұл көбіне «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС зауытының арқасында.

Е. Оразалиннің айтуынша, полиграфиялық қызметтің 26,3%-ға («РПИК ДӘУІР» ЖШС, БФ РМК - мемлекеттік тапсырысты ұлғайту), резеңке және пластмасса бұйымдары 54%-ға («Торгстрой» ЖШС, «Техновид» ЖШС - құрылыс ұйымдарынан пластмасса және полиэтиленнен жасалған бұйымдарға тапсырыстар), өзге де металл емес минералды өнімдер 18,8%-ға («АЗМК» ЖШС, «Конкрид» ЖШС-бетон және цемент), дайын металл бұйымдары 2 есеге («Казферросталь» ЖШС, «Техновид» ЖШС – «Stynergy» - арматура), химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі 24,3% («Аврора» ЖШС, «Alina Group» ЖШС» - лак-бояу өнімдеріне тапсырыстар), жеңіл өнеркәсіпке 80,6%-ға «Казлегпром» ЖШС, «Жетісу» ЖШС-жұмыс киімдеріне тапсырыстар) өскен.

Сонымен бірге, Еркебұлан Оразалин Алматы қаласының сауда саласы жайлы да сөз етті. Бірінші тоқсанда тауар айналымы 2 984,1 млрд теңгені құрады. Оның ішінде бөлшек саудадағы тауар айналымы 801,2 млрд теңге.

«Алматыда компьютерлер, фармөнімдер, құрылыс материалдары, автомобильдер, киім-кешек пен аяқ киім сатылымының өсуі байқалады», – дейді әкімдік басқармасының басшысы. Бұдан басқа, құрылыс материалдарын сату 5,4%-ға, автомобильдерді сату 3,3%-ға, кең ассортиментті тауарларды сату 8,7%-ға ұлғайды.

Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, пандемия Алматыда интернет-сауданың дамуына серпін берді. Қала тұрғындары тауарларды сатып алудың осы түріне көбірек жүгінуде. Сонымен қатар, онлайн-сауда сатудың барлық салаларында – киім мен спорт тауарларынан бастап тұрмыстық техникаға немесе азық-түлікке дейін дамып келеді. Жалпы интернет арқылы сатып алудың жиілігі де өскен. Пандемия кезіндегі шектеу шаралары цифрлық трансформацияны және онлайн-сатылымға көшуді едәуір жеделдетті, тіпті бұрын офлайн сұранысқа шоғырланған кәсіпкерлер де интернет арқылы сатуда.

Сонымен қатар, Алматыда көтерме саудада, әсіресе азық-түліктік емес тауарлар саудасының өсетініне болжам жасалып отыр.

«Қазіргі уақытта оң динамика сақталуда және сауда саласында одан әрі өсу болжануда. Өсуге әсер етудің негізгі себебі – қазіргі уақытта сауда нысандары үшін жеңілдіктердің қабылдануы, сондай-ақ киім, аяқ киім сияқты азық-түлік емес тауарларға маусымдық сұраныстың болуы. Соның негізінде бөлшек саудада 4%-дан астам, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша 1,6%-ға, азық-түлік емес тауарлар бойынша 5,2%-ға өсім болжануда», – деді Еркебұлан Оразалин.