Қалауы бойынша медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлерге бірінші салынады
Қазақстанда QazVac вакцинасын егу кезінде дәрігерлер, мұғалімдер мен полицейлерге басымдық беріледі. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Айтуынша, отандық QazVac-пен вакциналау кезінде тәуекел топтарына басымдық беріледі.
«Спутник V» пайда болған кезде, ең алдымен тәуекел тобына егілді: медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлер. Егер осы топтардың арасында қазақстандық вакцинаны алғысы келгендер болса, оларға бірінші салынады. Одан кейін вакцинаның қолжетімділігін ескеріп, кез келген адам салдыра алады. Бүгінде қазақстандықтарда таңдау бар: «Спутник V» немесе QazVac-ты салғыза алады», – деді ол баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек, Қазақстан өңірлеріне отандық QazVac вакцинасы жеткізіле бастады.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев отандық екпе өндірісін ұлғайтатынын айтқан еді.