Құжатты әзірлеу кезінде шет мемлекеттердің тәжірибесі ескеріледі
Әлемдік тәжірибе халықты қоғамдық көліктің жылдам түрлерімен қамту деңгейін арттыру қажеттігін көрсетеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Бұған Алматыда көлік қаңқасын енгізуге арналған шебер-жоспарға жүргізілген зерттеу дәлел. Құжатты әзірлеуге «Алматыбасжоспар» ҒЗИ өкілдері және әртүрлі қалаларда кешенді көлік жобаларын іске асыру тәжірибесі бар басқа да сарапшылар қатысты.
Құжатты әзірлеу кезінде Сеул, Сингапур, Париж және әлемнің басқа қалаларының үлгісі бойынша аялдамалармен қамту, аялдамалардың жаяу баратындай жақын орналасуы, автобустың қозғалыс кестесінің сақталуы, автобус паркінің тұрақтылығы зерттелді.
Шебер-жоспар авторларының жүргізген зерттеуіне сәйкес Алматыда аялдамадан 500 м радиуста халықтың 39% тұрады, ал Парижде бұл көрсеткіш 98% құрайды. Аялдамалардың трафикті тарту орындарынан қашықтығы автобус қатынасының тартымдылығын төмендетеді. Райымбек даңғылының солтүстігіндегі аудандар метроға немесе т.б. көлікке қашықтау. Мұның шешімі ретінде метро желісін қаланың батыс шекарасына дейін ұзарту, халықты аялдамалармен толық қамтуды, көліктің экологиялық тазалығын 90-100% дейін қамтамасыз ету, аялдамада күту уақытын қосқанда, жолаушыларды ауысып міну уақытын 2-8 минутқа дейін қысқарту және т.б. жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Алматы көше-жол желісінің 73 км көлік қаңқасын құру үшін қайта жаңарту қажет