Карантин: Алматылықтардың көп жиналатын жері смартфон арқылы қадағаланады

ixnio.com
ixnio.com
Алматыда мамырдан бері қаланы пандемия кезінде анализ жасап отыратын жоба іске қосылға
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мобильді қосымшалар арқылы адамдардың жиналуын тексеріп отырады. Бұл туралы онлайн-брифингте цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда мамырдан бері қаланы пандемия кезінде анализ жасап отыратын жоба іске қосылған. Соның көмегімен адамдардың көп жиналатын жерін қадағалауға болады. Жүйе ведомствоаралық комиссияның штабында жұмыс істейді, ол коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жедел шешімдер қабылдауға көмектеседі.

«Жүйедегі деректер әр сағат сайын жаңартылады. Бұл қала бойынша өзін-өзі оқшаулау индексін тіркеуге және адамдар ең көп жиналатын орындарды анықтауға мүмкіндік береді. Жүйеде ұялы операторлар ұсынған жеке деректер жоқ, бәрі статистикаформаты бойынша. Біз қолданушының аты-жөнін, ЖСН, тіпті телефон нөмірін білмейміз. Біздің көретініміз адамдардың қала ішіндегі базалық станциялар бойынша жүріп-тұруы ғана», – дейді Баян Қоңырбаев.  

Новости партнеров