Алматыдағы ХҚКО-лардың бірінде әйел босанды
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы ХҚКО-ның бірінде қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты.
Бұл оқиға Жетісу ауданының филиалында өткен. Жүкті әйел өзінің танысымен соның тұрғын үйіне тіркелу үшін келген.
«Ол 12.00-де алдын ала талон алды. 10 минуттан кейін оның толғағы басталған. ХҚКО басшысының міндетін атқарушы Қалмырза Сейтбеков оны бірден өз кабинетіне алып, кушеткаға жатқызды. Содан кейін жедел жәрдем шақырдық», – дейді Жұманбай.
Оның айтуынша, жедел жәрдем көлігі келген кезде перзентханаға бару кеш болған. Сағат 12.30-да қыз бала дүниеге келген. Бұл отбасыдағы үшінші бала екен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53