Алматының бизнес қауымдастығы КВИ-ға қарсы жаппай вакциналауға қатысады

Almaty.tv
Almaty.tv
Бүгінде эпидемия басталғалы бері коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 083 адам тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың Іскерлік кеңесіне қатысушыларымен бизнес қауымдастықты қолдау және алдағы вакциналау науқанына дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онлайн форматта өткен кездесу барысында Алматы әкімі Б. Сағынтаев COVID-19 бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал туралы айтты. Бүгінде эпидемия басталғалы бері коронавирус инфекциясымен 34 083 жағдай тіркелді. Халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш - 1675,1. Соңғы 7 күн ішінде ауру көрсеткіші 149,4 құрады, репродуктивті саны R - 1,114. Соңғы тәуліктерде 526 КВИ жағдайы тіркелді. Мутацияланған штаммдардың тез жұғуы салдарынан ахуал ушығып тұр.

Іскерлік кеңестің мүшелері кәсіпкерлік қоғамдастықты қолдау, қала тұрғындарын вакциналау жөніндегі кеңінен ақпараттандыру, кәсіпкерлік нысандар үшін  «денсаулық паспортын» әзірлеу мәселелерін талқылады. Қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, сервис саласындағы ШОБ қызметкерлерін вакциналау карантин шараларын сақтай отырып, олардың еш кедергісіз жұмыс жасауларына мүмкіндік береді.

Жаппай вакциналауға дайындық барысында бизнес логистиканы ұйымдастыруға және вакцинаны сақтауға, әр аудандағы көрнекі орындарда екпе пункттерін ашуға қатысатын болады. Қалада 300-ге жуық екпе пункттерін құру жоспарлануда.


Новости партнеров