Қазір қаланың 5 ауданында құбыр ауыстыру жұмыстары басталды
Биыл Алматыда ұзындығы 8 шақырым жылу құбырлары жаңартылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ, қаланың 3-тен бір бөлігін жылумен қамтамасыз етіп отырған қазандықтар да жөндеуден өтеді. Қалада орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған қанша үй бар?
Жаз мезгілі – жылу жүйелерін ауыстыру мен оларға күрделі жөндеу жүргізу қарқын алатын уақыт. Биыл да бұл шаруа жоспарға сәйкес атқарылып жатыр. Қазір қаланың 5 ауданында құбыр ауыстыру жұмыстары басталды. Олардың басым көпшілігі соңғы 30 жылдан бері жөндеу көрмеген. Әбден тозығы жеткен жылу желілерінде жиі ақау шығатын көрінеді.
«Жөндеу жұмыстары кезінде тұрғындар ыстық судан ажыратылмайды. Ол үшін мердігер компаниялардың көмегімен арнайы құрылғы арқылы су қосып береміз. Мәселен құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аудандарда аурухана мен мектеп, балабақша сынды әлеуметтік нысандар бар. Бастысы осы ғимараттар назарға алынады», – деді «Алматы жылу жүйелері» ЖШС