Қор нарығында доллар тағы арзандады

06.06.2022 21:03

Ұлттық банктің 6 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 95 теңге

optimism.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,43 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 431, 88 теңге. Ұлттық банктің 6 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 95 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 434,5 теңге, сатып алу – 431,5 теңге.