Алматыдағы «Бақытты отбасы» көпсалалы орталықтарына күніне 700-ден астам қала тұрғыны келеді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Мамандар қиын өмірлік жағдайда қала тұрғындарына көмектеседі, тренингтер мен консультациялар өткізеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мұқтаж отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 9 «Бақытты отбасы» орталығы жұмыс істейді. Мамандар қиын өмірлік жағдайда қала тұрғындарына көмектеседі, тренингтер мен консультациялар өткізеді. Бұл туралы Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Зульфия Байсақова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Айта кетсек, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың тамызынан бастап Алматының әр ауданында «бір терезе» қағидаты бойынша «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істей бастады.

«Пандемияға қарамастан, орталықтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып жұмысын жалғастыруда. Мұнда көп балалы және аз қамтылған отбасылар заңгерлерден, әлеуметтік қызметкерлерден және психологтардан тегін кеңес ала алады», деді З. Байсақова.

Оның айтуынша, орталықтарға күніне 700-ден астам қала тұрғыны келеді.

«Бақытты отбасы» орталықтарында ағылшын тілін үйрену, макияж, массаж, шаштараз, пішу және тігін, гимнастика, аспаздық, тоқу, сөмке тігу бойынша тегін курстар, компьютерлік курстар өткізіледі. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары арт-терапия, гимнастика, математика мен логика, шахматпен айналысуға, ағылшын тілін үйренуге, тоқу курстарына қатысуға және логопедпен кеңесуге мүмкіндік алады.

«Бақытты отбасы» орталықтарында 33 мың адам тіркелген, оның ішінде 2021 ж. 4 643 адам. Жыл басынан бері мұқтаж 35 250 адамға ресурстық, әдістемелік және 3 700 өтініш берушіге құқықтық көмек екөрсетілді. 5 694 адам бала тәрбиесі, көшбасшылық, отбасылық құндылықтар бойынша бастапқы дайындықтан өтті», деп жалғастырды З. Байсақова.

Меценаттар «Бақытты отбасы» орталықтарына көмек көрсетеді. Мысалы, демеушілік қаражатқа азық-түлік себеттері, киім-кешек, жеке гигиена құралдары, 10 мыңнан астам адамға арналған ойыншықтар сатып алынды, 2300-ден астам баланың туристік және мәдени орындарға саяхат ұйымдастырылды, қайырымды жандардың қолдауымен 370 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, қалада «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша аналарға кәсіпкерлік негіздерін үйретуге бағытталған «Іскер Ана» жобасы, сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстар жүзеге асырылуда.

«Іскер Ана» бағдарламасы» тіркеу, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуден бастап кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарға жіберуге, бизнес-жоспар құруға, кәсіп ашуға, грант алуға немесе шағын несие алуға дейін көп балалы аналармен біртіндеп жұмыс жасауды ұсынады», деді З. Байсақова.

Биыл жоба демеушілерінің арқасында Әуезов ауданында қолдан жасалған тоқыма және азық-түлік өнімдерін сататын 4 сауда нүктесі ашылды. Түрксіб ауданында көп балалы аналардың қолдан жасаған бұйымдарын сату үшін «Іскер Аnа» сауда үйі ашылды. Сауда үйі қазіргі заманғы ұлттық киімдерді, құрақ-көрпе, ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдарды, әйелдерге арналған киімдерді ұсынады, сонымен қатар киімдерді өңдеу мен жөндеу бойынша қызметтер көрсетеді.

Сөзін қорытындылаған З. Байсақова биыл «Өз бизнесіңді бастау» бағдарламасы бойынша 506 адам, оның ішінде 290 көпбалалы отбасы және 216 аз қамтылған отбасы мүшелері «Атамекен» ҰКП-ның базасында түрі кәсіп негіздері бойынша білім алғанын атап өтті.

Новости партнеров