Алматы әуежайының баспасөз қызметі өкілдері тарихи ғимараттың қайда көшірілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілішсі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, Алматы әуежайының тарихи ғимараты 1947 жылы салынған және Алматының тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
"Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 29-бабына сәйкес, егер орнын ауыстыру және өзгерту оның сақталу жағдайларын жақсартуға негізделсе, тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру және оны өзгертуге рұқсат етіледі.
Ескерткіштің орнын ауыстыруға мына құжаттар негіз болды:
Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, сәулет ескерткіші жаңа жерде сән элементтерімен қайта жасалады.
"Ғимараттың сән элементтері оның ескерткіш ретіндегі мәдени-тарихи маңыздылығын айқындайды. Бұл ретте жаңа халықаралық жолаушылар терминалын салу үшін барлық сән элементі бар ескерткіш Алматы халықаралық әуежайының аумағында 420 метр радиусқа жылжытылады, осылайша ғимаратты тарих және мәдениет ескерткіш ретінде сақтау үшін жағдай жақсарады", - делінген хабарламада.