Алматы әкімдігі 2GIS компаниясымен бірлесіп қаланың көрікті жерлерін картаға енгізді
massaget.kz
Картаға барлығы 71 негізгі құрылыс пен ғимарат енгізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының 2GIS картасы 1 желтоқсаннан бастап қаланың басты көрікті жерлері мен мәдениет ескерткіштерімен толықты. Картаға барлығы 71 негізгі құрылыс пен ғимарат енгізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Енді қаланың әрбір тұрғыны мен қонағы 2GIS мобильді қосымшасында көрікті жерлердің, археологиялық орындардың, сәулет ғимараттарының, монументалды өнер құрылыстарының, ансамбльдер мен кешендердің картаға түсірілген тізімін көре алады. Бұл пайдаланушыға көрікті жерлерді табуды жеңілдетеді және қолдануға өте ыңғайлы.
Ғимараттар мен көрікті орындарды көру үшін «Алматының көрікті жерлері» қосымшасын теру немесе мына сілтеме (https://2gis.kz/almaty/search/достопримечательности%20) бойынша кіру керек.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51