Алматыда «Мың тамшы» тарихи субұрқағы қалпына келтірілді

17.08.2023 20:22

Субұрқақ тарихи келбетін сақтап қалды

Almaty.tv

Алматыдағы «Мың тамшы» тарихи субұрқағы қалпына келтірілді. Бұл туралы Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыс барысында субұрқақтың құбыры мен саптамаларының істен шыққаны белгілі болды. Сондықтан субұрқақтың сыртқы желілері мен сорғы қондырғысы толық ауыстырылып, гранит жабыны да жаңартылды.

– Алматы қаласының Экология және қоршаған орта орта басқармасы Северный алаңында қайта жөндеу жұмысын жүргізді. Саябақ аумағында суару жүйесі қалпына келтірілді. Сонымен қатар субұрқақ жаңартылып, ең бастысы тарихи келбетін сақтап қалды, – деді Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы Думан Қаптағаев.

Жауапты мамандардың айтуынша, Қазақ-Британ техникалық университетінің маңында орналасқан алаңда бетон плиталар төселіп, жарық шамдар қойылған. Басқарма өкілдері аумаққа жасыл желек отырғызылып, абаттандыру жұмысының толық аяқталғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Алматыда 9,7 мың бала оңалтудан өтті