Алматыда тұрғын үйге салынған қосалқы кеңейтілімді бұзып жатыр

11.04.2023 в 20:23

Бұзу жұмыстары 11 сәуірден басталды

Алматыда тұрғын үйге салынған қосалқы кеңейтілім сот шешімімен бұзылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәуленов көшесіндегі № 96\77 үйге екі қабатты қосалқы кеңейтілім рұқсатсыз салынған.

Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасының тексеріс қорытындысы бойынша құрылыс белгіленген тәртіпте сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамасыз, сәулет-техникалық қадағалауды тартусыз, құрылыстың басталуы туралы хабарламасыз шаруашылық әдіспен жүргізілгені анықталған болатын.

Алмалы аудандық соты әкімшіліктің талаптарын қанағаттандырды. 11 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен кеңейтілімді бұзу жұмысы басталды.