Бүгін Алматыда мамандандырылған балалар үйінде Жаңа жылдық ертеңгілік өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Балғындарды қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда мамандандырылған балалар үйінде жаңа жылдық ертеңгілік өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президенттің тапсырмасына сәйкес балаларды Жаңа жылмен құттықтауға ерекше көңіл бөлінді. Биыл Алматыда дәстүрлі түрде мектептерде, әлеуметтік орталықтарда, балаларға бейімдеу және көмек көрсету орталықтарында балаларға арналған шыршалар, сондай-ақ ХӘОТ санатындағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шыршалар өткізілді.

Балғындарды мерекемен құттықтықтауға қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова арнайы келіп, сыйлық табыстады. Әлеуметтік мекемеде 4 жасқа дейінгі 38 бала тұрады. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер мен тұрмысы нашар отбасынан шыққандар да бар. Балғындарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді.

«Біздің балаларымыз тәулік бойы осында болады. Олармен тәрбиешілер, дәрігерлер, логопедтер жұмыс істейді. Медициналық қызмет көрсету мен денсаулығын оңалту жұмысы да жүргізіледі», – деді мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Наталья Немтина.

Новости партнеров