Алматыда диспансерлік есепте тұрған науқастарға дәрілік препараттарды үйлеріне дейін жеткізіп беру қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-брифинг барысында №5 Қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Лаура Малдыбаева айтты.
Қауіпсіздік және азаматтардың жұқтыруын болдырмау мақсатында емханалардың аумағында онлайн-кеңестер ұйымдастырылған, олардың барысында диспансерлік есепте тұрған науқастар қажетті дәрілік препараттарға алуға өтініш білдіре алады.
«Бұндай науқастар артериялық гипертензия, ишемиялық аурулар, жүрек қан тамырлары ауруларымен, бронх демікпесімен есепте тұрғандар. Олардың бәрі дәрілік препараттармен қамтамасыз етілді. Диспансерлік есепте тұрған 3000-нан астам науқас онлайн-кеңес арқылы қажетті аппараттарды сұратып, кейін ол дәрілер пациенттерге жеткізіледі», – деп хабарлады Лаура Малдыбаева, ол сонымен бірге, онлайн-кеңестердің пациенттерге медициналық мекемелерге баруға кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік бергенін айтты.
Науқастардың үйіне дәрілік препараттарды жеткізу барлық санитарлық талаптарды ескеру арқылы жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.