Алматының Әуезов ауданы әкімі бүгін көпбалалы аналарды қабылдады
Сайран Сайфеденов барлық талап-тілектің ескерусіз қалмайтынын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының Әуезов ауданы әкімі бүгін көпбалалы аналарды қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың әрқайсысымен жеке-жеке сөйлесіп, ұсыныс-пікірін тыңдады. Жағдайы төмен және әлеуметтік санаттағы отбасын жұмыспен қамту бағдарламалары мен шағын кәсіп бастаудың жолдары түсіндірілді. Өтініш айтып келген аналардың басым бөлігін тұрғын үй мәселесі алаңдатады. Жиын соңында аудан әкімі Сайран Сайфеденов барлық талап-тілектің ескерусіз қалмайтынын айтты.
«Онда өзекті мәселелер көтеріліп, жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктелді. Қазір сол тапсырмалардың орындау картасын дайындап, ең қысқа мерзімде шешу жолдары қарастырылатын болады», – деді Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Арыслан Бексұлтанов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51