Розыбакиев көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі
Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қалалық мобилділік басқармасы Розыбакиев көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 17 тамыз сағат 23.00 мен 18 тамыз 06.00 аралығында Розыбакиев көшесінің Өтепов көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады.
"Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
05.10.2026 09:24
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Елімізде көлік жүйесі қалай өзгеріп жатыр
05.10.2026 09:45