Жоба шаһардың әр ауданындағы 8 ірі саябақта ұйымдастырылған
Алматылықтар үшін шет тілдерін тегін үйренуге мүмкіндік беретін «Тілдер саябағы» жобасы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Игі бастама қалалық Жастар саясаты басқармасы мен Волонтерлер фронт-офисінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Жоба шаһардың әр ауданындағы 8 ірі саябақта ұйымдастырылған. Оған 6 жастан 60 жасқа дейінгі кез келген азамат қатыса алады.
– Қазақ тілі міндетті түрде барлық ауданда өтеді. Түрік, ағылшын, француз тілін үйрету тек жаз айларында ғана емес, жыл соңына дейін жалғасады, – деді Жастар саясаты басқарма басшысының міндетін атқарушы Азиз Қажденбек
Сабақтар жаз мезгілінде аптасына 3 рет өткізіледі. Ал оқу аяқталғаннан кейін жобаға қатысушыларға сертификат беріледі.
Айта кетейік, Алматыда жыл сайын жастарға арналған 1000-нан аса экологиялық, мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл жобалардың барлығы жастарды қаланың мәдени-қоғамдық өміріне тартып, олардың жеке дамуына ықпал етуге бағытталған.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Ерболат Досаев дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты құттықтады