Шектеулер «Алматыжылужайэнерго» ЖШС-нің қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі
Алматының Түрксіб ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС сілтеме жасап.
«2022 жылғы 18 шілдеден 22 шілде аралығында Түрсіб ауданындағы Сейфуллин – Дулатов – Терехин – Ақан Сері және Сүйінбай – Папанин – Ереванская – Стальской көшелерінің шегіне орналасқан тұрғын үйлерде және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды. Шектеулер «Алматыжылужайэнерго» ЖШС-нің қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз»,- делінген хабарламада.