Баға мен сапа қағидасы әрдайым жұмыс істемейді - әкім

25.07.2024 20:32

Ерболат Досаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен қала әкімдігінің жұмысы аясында бюджет қаражатын ұтымсыз жұмсауға жол берілмегенін айтады

elements.envato.com

Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мектеп асханаларына арналған жабдықты сатып алу туралы сұраққа жауап бере отырып, Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен қала әкімдігінің жұмысы аясында бюджет қаражатын ұтымсыз жұмсауға жол берілмегенін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл тергеу нәтижесінде емес, превенция аясында әкімдік пен Антикордың бірлескен жұмысының арқасында анықталды. Тексеруден кейін 20 мектептің жабдықтарын сатып алу тоқтатылды», - деді әкім.

Әрі республика бойынша осындай тексерулер жүргізілгенін атап өтті. 1,9 млрд теңге көлеміндегі қаражат бюджетке қайтарылды. Өткен жылға талдау жүргізілуде, бірақ асыра сілтеу фактілері жоқ.

Сонымен қатар, әкім атап өткендей, бүгінде мемлекеттік сатып алу саласында ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар объектілердің сапасына сәйкессіздік мәселесі өзекті болып қала береді.

«Өкінішке қарай, қазіргі мемлекеттік сатып алу жүйесі жосықсыз жеткізушілерге қатысуға мүмкіндік береді. «Баға мен сапа» қағидасы әрдайым жұмыс істемейді, яғни арзан әрдайым сапалы бола бермейді. Мен бұған қарсымын. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң күшіне енеді, ол бойынша біз жеткізушілер мен олардың тауарлары талаптарға сай болады деп күтеміз. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі артады», - деді әкім.

Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданында жаңа жаяу жүргіншілер аймағы салынады