|
01.03.2024 | 08:37
2843

Алғыс айту күні: Алматыда мереке құрметіне қандай іс-шаралар өтеді

1 наурызда мектептерде сынып сағаттары мен ашық сабақтар өтеді

Алғыс айту күні: Алматыда мереке құрметіне қандай іс-шаралар өтеді Алматы әкімдігі / фото пресс-службы акима Алматы

1 наурызда Алматыда Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Осы күні сағат 11:00-де Мемлекеттік мұрағатта Алматы қаласының этномәдени қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «Алғыс айту - асыл қасиет» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылады.

Мереке күні Алматы мектептерінде сынып сағаттары мен ашық сабақтар, сондай-ақ қалалық кітапханаларда кітап көрмелері мен әдеби сағаттар өтеді.

Бұдан басқа, 1 наурызда Алматыда келесі іс-шаралар өтеді:

- «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығында сағат 10:30-да «Алғыс айту – парызым» концерті өтеді, ал «Жаңа ғасыр» жастар театрының актелары сағат 11:00-де №2 қалалық балалар үйінде «Арыстан патша» спектаклін қояды.

- Мемлекеттік қуыршақ театрында сағат 11:00-де «Алладиннің сиқырлы шамы», ал 16:00-де «Арыстанның қорқынышын қалай емдеуге болады?» спектакльдері көрсетіледі.

- Сағат 11:00-де Ахмет Байтұрсынов мұражай-үйінде ғалымдар, тарихшылар мен алаштанушылардың қатысуымен Алғыс айту күніне орайластырылған дөңгелек үстел өтеді.

- Сағат 15:00-де Alatau Cretive Hub-та мектеп оқушылары арасында «Алғысқа толы ақ жүрек!» поэтикалық конкурсы болады.

-  Дәл осы уақытта Д. А. Қонаев музейінде мерекеге орай «Құрметті Дінмұхамед Ахмедұлы» хаттар көрмесі ашылады.

- Н. Тілендиевтің мемориалдық музейінде сағат 16:00-де «Ризашылық мейірімділік бұлағы» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Алматы қаласының волонтерлік ұйымдары мереке күні қалалық коммуналдық қызметтерге шай мен бауырсақ таратуды және қаланың пансионаттарында жалғызбасты зейнеткерлерді құттықтауды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қаланың әрбір комьюнити орталығында концерттер мен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар қаланың кейбір аудандарында мерекелік концерттер өтеді:

- Наурызбай ауданында 1 наурызда сағат 12:00-де Шұғыла шағынауданы, 347/4 мекенжайда оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында мерекелік концерт өтеді.

- Әуезов ауданында 1 наурызда сағат 12:00-де Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде Қабдолов көшесі, 12 мекенжай бойынша ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда қоғам белсенділері құрметке бөленді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир