|
14.08.2024 | 15:34
98

Ten Qogam: Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін қаражат бөлінді

Басқарма өкілдерінің айтуынша, 300 адам көмек ала алады

Ten Qogam: Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін қаражат бөлінді Almaty.tv

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін 17 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Емге мұқтаж азаматтарды инновациялық және озық техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету де қарастырылған. Басқарма өкілдерінің айтуынша, 300 адам көмек ала алады. Бұл шағын орталықта шамамен 2 мың адамға көмек көрсетіледі. Қаланың әр ауданында орналасқан «Ten Qogam» орталығында мүгедектігі бар азаматтарға тіл үйретіледі, психологиялық қолдау көрсетіледі. Бизнес-жобасын іске асырып, пайдалы дағды қалыптастыруға септеседі. Қызметтің бәрі тегін.

– Алматы қаласындағы 1-3 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамға араласуға мүмкіндік бар екенін айтқым келеді. Мен – 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі жанмын. Орталықта кәсіпке қатысты курстар, ағылшын тілі, компютерлік грамматика және сурдо тілі оқытылады. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретеді, – деді бизнес-сарапшы Айзада Ерболқызы.

«Инватакси» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандарға жайлы және қауіпсіз қозғалыс мүмкіндігін ұсынады. Қалада бұл қызметті шамамен 2,5 мың адам пайдаланып отыр. Арнайы жабдықталған көлікті көру қабілеті бұзылған және аутизм диагнозы бар балалар күнделікті тұтынады. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу, олардың қажеттілігін уақытылы қамтамасыз ету үшін арнайы техника мен құрал беріледі. Бұл қызмет түріне 35 мыңнан астам адам жүгінген.

– Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің тапсырмасы бойынша пилотық режимде таски қызметін жүргізілді. Қызмет жүзеге асырылады, бірақ елдегі такси қызметі жүйесіне қосу үшін заңнамаға өзгеріс енгізуін күтіп отырмыз, – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қызметтер басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Жауапты басқарманың мәліметіне сәйкес, биыл мүмкіндігі шектеулі жандардың 95 пайыздан астамы қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, қалада шамамен 58 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның 10 мыңға жуығы – 18 жасқа дейінгі балалар.  

Әйкерім Пернебек, Айдана Нұраш, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Алматыда белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары қалай жұмыс істейді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир