Алматыда 7 500 орындық 5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
Ашық дереккөз
Келесі жылға дейін 920 орындық 4 балабақша салу жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда 7 500 орындық 5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы құрылыс басқармасының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазірдің өзі шаһарда әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, келесі жылға дейін 920 орындық 4 балабақша салу да жоспарда бар. Одан бөлек, мектеп пен мектепке дейінгі оқу нысандарында сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Оқу орындарының тапшылығы бар болғандықтан 8 мектеп құрылысын бастағанбыз. Соның үшеуі 5100 орындық мектеп оқу жылының басында қолданысқа беріледі. Жылдың аяғына дейін 7500 орындық 5 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр», – деді Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Олжас Тәжібаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
28.11.2026 15:18
Алматыда 30 қараша мен 6 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады
28.11.2026 09:17
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
28.11.2026 12:55
Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз: 28 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
28.11.2026 10:18
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
28.11.2026 14:19