2023 жылы Алматыда қанша жол жөнделеді

Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата Алматы
Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата Алматы
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы қолдаған Алматыдағы Мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру аудандық әкімдік жұмысының тиімділігін едәуір арттырып, қала тұрғындарының өзекті мәселесін шешуді жеделдетті. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

- 2023 жылдың 1 сәуірінен аудандық деңгейге 15 функция берілді. 8 ауданның бюджеті 2022 жылы 51,6 млрд теңгеден 2023 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 162,9 млрд теңгеге дейін 3 еседен аса ұлғайтылды. Орталықсыздандыру аясында аудан әкімдіктері биылғы жылдың 11 айында 326 мың м2 жол төсемін жөндеді. 177 шақырым сумен жабдықтау және кәріз тарату желілері салынды, — деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар балаларды қолдау бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Тегін үйірмелерге бару үшін 90 мыңға жуық ваучер берілді. Соның ішінде 47 213 шығармашылық тапсырысқа және 42 691 спорт үйірмесіне бөлінген. Қала әкімінің 2024 жылы 8 ауданның бюджеті тағы 20,5%-ға өсіп, 196,4 млрд теңгеге жететінін айтты.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері қалада қанша қоғамдық көлік бағыты ашылды

Новости партнеров