Жыл басынан бері қалада қанша қоғамдық көлік бағыты ашылды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылға қарай автобус паркі 100% экологиялық көлік түріне ауыстырылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 2023 жылдың басынан бері 22 жаңа бағыт іске қосылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бүгінгі таңда Алматы қаласының әкімдігі 144 қалалық және 34 қала маңындағы маршруттарды ұйымдастырды. Аталмыш бағыттарда 2326 жылжымалы құрам бар. Жыл басынан бері халық санының өсуіне байланысты 22 жаңа бағыт ұйымдастырылып, 23 маршрутта жылжымалы құрам жаңартылды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингі барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына орай берген жауабында айтты.

Сондай-ақ қала басшысы Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін қоғамдық көлікті экологиялық отынға көшіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Алматы әкімдігі мен жеке тасымалдаушылар газбен және электрмен жүретін автобустарды белсенді түрде сатып алу жұмыстары жүріп жатқанын баяндады.  

Мәселен 2023 жылы бюджет қаражаты есебінен коммуналдық автопарк үшін 600 газбен жүретін автобус сатып алынды. Бүгінде 430 автобус келді. Оған 60 млрд теңге жұмсалды. Оның көп бөлігі қалаға желтоқсан айының басында әкелінді. Қалған 170-і ағымдағы жылдың соңына дейін жеткізіледі.

Брифинг барысында журналистің №32 бағытқа қатысты сұрағына Алматы әкімі аталмыш бағыт бойынша қазір желіде 15 автобус жолаушы тасымалдайтынын айтты. Ал 27 желтоқсаннан бастап қосымша автобустар, яғни 25 автобус 7-8 минут аралықпен желіге шығатын болады.

Жалпы 2024 жылы 1000 газбен жүретін автобус, 100 электробус және 100 троллейбус сатып алу жоспарлануда. Осылайша, троллейбус паркі толығымен жаңартылады.

 - Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда. 2025 жылға қарай автобус парктері 100% экологиялық көлік түрлеріне ауыстырылады. Қазір қалада 800-1000 автобус жетіспейді. Егер қосымша табыс болса,  жаңа автобустар сатып аламыз. Осылайша біз жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын жақсартқымыз келеді. Жылдам жеткізетін қоғамдық көлік орта мерзімді перспективада Алматы қаласындағы Көлік жүйесінің негізі болады деп ойлаймын, - деді Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Мегаполистегі білім беру ұйымдарында өртке қарсы қауіпсіздік талабы сақталған

Новости партнеров