|
12.03.2024 | 14:39
1204

Алматыда қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету үшін ерте араласу қызметі пайда болады

Ерте араласу орталығы ведомствоаралық өзара іс-қимыл органына айналады

Алматыда қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету үшін ерте араласу қызметі пайда болады Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата Алматы

Алматыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету үшін 8 ерте араласу қызметі пайда болады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бұл туралы Алматының Инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі Кеңесінің бірінші отырысында айтылды.

 — Ерте жастағы балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету және қолдау мақсатында шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланың 8 ауданында мектепке дейінгі ұйымдар базасында ерте араласу қызметтерін ашу жоспарлануда. Бұл қызметтің құрамына 56 маман кіреді: трансдисциплинарлық маман, даму педиатры, психолог, арнайы педагог, сенсорлық интеграция жөніндегі маман, логопед, кәсіби терапевт, — деді қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Ерте араласу орталығы ведомствоаралық өзара іс-қимыл органына айналады. Сол арқылы тиісті қызметтердің қызметін қаржыландыруды жүзеге асыру жоспарланады. Оның негізгі міндеті — тәуекел тобындағы және мүгедектігі бар балалардың бірыңғай дерекқорын құру, сондай-ақ қажетті қызметтерді алудың қадамдық процесін жолға қоюға септігін тигізеді.

Оқи отырыңыз: Кедергісіз қала: Алматы әкімдігінің 119 жобасында инклюзия қағидаты сақталады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир