Алматы әкімі халық ең тығыз қоныстанған ауданды атады

23.06.2022 20:42

Мұнда 1 шаршы метрге 1227 адам

Алмалы ауданы мегаполистегі халық ең тығыз қоныстанған аудан. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аудан мегаполистегі халық ең тығыз қоныстанған аудан ретінде сервис пен жайлы өмір сүрудің жоғары стандарттарын белгілейді. 

"Алмалы ауданында адам саны көп. Халық ең тығыз орналасқан бұл аудан, қала бойынша Бостандық ауданынан кейін 2-орында. Мұнда 1 шаршы метрге 1227 адам. Аудан аумағы жағынан ең кішкентай аудан болып табылады (3%), дегенмен мұнда қала халқының 11%-ті (224,5 мың адам) тұрады", - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ әкім Алмалы ауданы қаланың тарихи, іскерлік, білім және мәдени орталығы екенін атап өтті.

"Мұнда қаланың 16 жоғары оқу орны (41%), 35% мәдени мекемелер, 8 республикалық ғылыми медициналық орталық (23 парк пен сквер, 28 сауда орталығы және 35 қонақүй) орналасқан. Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіпте (+1,4%), көтерме саудада (+26%) оң динамика байқалады. Салық түсімі 28,1%-ке өсті. Ауданда 41 мың бизнес субъектісі жұмыс істейді", - деді қала әкімі.