Алматыда тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр

@almaty_akimat
@almaty_akimat
Б. Сағынтаевтың тапсырмасымен әлеуметтік жағынан халықтың осал тобы санатына кіретін тұрғындардың үйлерін газбен қамту жүйесіне тегін қосады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасымен әлеуметтік жағынан халықтың осал тобы санатына кіретін тұрғындардың үйлерін газбен қамту жүйесіне тегін қосады. Сонымен бірге, Halyk Bank-тен 300 мыңға дейін пайызсыз несие алу мүмкіндігі беріледі.

Осы мақсатта Алматы қаласының әкімдігі, «Халық Банк» АҚ және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында үшжақты меморандум жасалды.

Бұл жұмыс қаланың жеке сектор тұрғындары газбен жабдықтау жүйесіне әлі қосылмаған аудандарында белсенді жүргізіліп жатыр. Мысалы, Алатау ауданында алты үй газға қосылған. 33 үй бойынша монтаж жұмыстары аяқталып, қосу үшін құжаттар әзірленуде.

Газға қосу үшін пайыссыз және кепілсіз несие 18 айға дейінгі мерзімге беріледі. Қосымша ақпаратты аудандық әкімдіктерден алуға болады.

Новости партнеров