Алматыда құрылыс нысандарына мониторинг жүргізудің интерактивті картасы жасалады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Интерактивті режимде көппәтерлі тұрғын үй кешендері (КТК) және жеке тұрғын үй құрылыстары (ЖК) туралы ақпаратты алуға болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда құрылыс нысандарына мониторинг жүргізудің интерактивті картасы жасалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған жоба ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша іске қосылды. Яғни, қаладағы салынып жатқан тұрғын үй туралы ақпаратты ғаламтор арқылы кез келген адам біле алады. Интернет-ресурс Геопортал базасында әзірленетін болады.

Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметі бойынша, интерактивті режимде көп пәтерлі тұрғын үй кешендері (КТК) және жеке тұрғын үй құрылыстары (ЖК) жөнінде барлық ақпаратты алуға болады. Қазіргі уақытта интерактивті картаны әзірлеуде 94 көппәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша ақпарат жинақталды. Базада жобаның атауы,

құрылыс нысанының түрі, кадастрлық нөмірі, келісілген эскиздік жобалар туралы мәлімет, құрылысты салушының атауы, құрылыстың басталғаны және қашан іске қосылатыны туралы мәлімет, нысанның қай аймақта орналасқаны туралы мәлімет, қаржыландыру көзі, қанша қабат, салынатын алаңы м2, ғимарат саны, пәтер саны, құрылыс барысындағы фотосуреттер жинақталады.

Бүгінде интерактивті картаны толтыру үшін жеке тұрғын үй құрылысы туралы ақпарат жиналуда. Кейін мәліметтер базасы ай сайын онлайн режимде жаңарып отыратын болады. Ақпаратты жеңіл әрі тез қабылдау үшін дизайны жасалуда.

Сондай-ақ, барлық нысандардың «құрылыс паспорты» жасалып, оларды геопорталдан жүктеу мүмкіндігі қарастырылған. Файлдар мен жобалық құжаттамаларды бір орталықта сақтау үшін GantPro online-платформасы тестілік режимде жұмысын бастады. 

Новости партнеров