Алматыда әлемдік алпауыттардың назарын өзіне аударған Water HUB конференциясы өтті

Қордаланған түйткілді тақылауға Африка, Орталық Азия және Кавказ елдерінен 50 сарапшы қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әлемдік алпауыттардың назарын өзіне аударған Water HUB конференциясы өтті. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде ұйымдастырылған онлайн кездесудің мақсаты ирригация мәселесіне байланысты халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу, деп хабарлайды Almaty.tv

Қордаланған түйткілді тақылауға Африка, Орталық Азия және Кавказ елдерінен 50 сарапшы қатысты.   

«Бүгінгі іс-шара адамзаттың аймақтардағы және жалпы әлемдегі су проблемаларына үлкен алаңдаушылық білдіретіндігінің тағы бір дәлелі. Мұндай кездесілерді ұйымдастыру әлемдегі күрделі мәселелерді шешуге серпін береді», – деді Тәжікстанның энергетика және су ресурстары министрлігі басқарма бастығының орынбасары Гүл Шарифов.

Қазіргі таңда Орталық Африка мемллекеттерінің 60 пайызы ғана сумен қамтамасыз етілген. Тіршілік нәрі жетіспейтіндіктен, халық жаңбыр суын ішуге мәжбүр. Жалпы мұндай мемлекеттер көп. Еліміздің бірқатар аймақтарында да, су тапшылығы сезіледі. Бұл ретте, Қазақстанның тығырықтан шығу жолындағы тәжірибесі халықаралық сарапшылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. 

«Осы университетті әлемдегі ең мықты университеттердің деңгейіне көтеру деген ойымызға осы шарамыз көмектеседі, бір жақсы қолдау болады деп отырмыз. Және басқа бірнеше мәселелер болады. Екі күн бойы Африканың мамандарын да тыңдаймыз. Орта Азиядан шакырған: Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстан өз пікірлерін естуге дайынбыз. Бірінші рет өтіп отырған шара», – деді Ислам азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі бас директоры Ерлан Байдәулет.

Новости партнеров