5 мамырдан бастап банкет залдары мен караоке-клубтар «Ashyq» жобасы арқылы жұмысын бастай алады
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Ashyq жобасына қатысты негізгі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, 5 мамырдан бастап банкет залдары мен караоке-клубтар «Ashyq» жобасы арқылы жұмысын бастай алады.
«5 мамырдан бастап караокелер Ashyq жобасына тіркелуге өтініш бере алады», – деді Айтуар Қошмамбетов.
Жақын арада жоба тағы бірнеше қызмет қосылады:
- караоке;
- «жасыл» аймақтағы банкет залдары (50 адамға дейін).
Еске сала кетейік, Ashyq - келушілерді қоғамдық орындарда тіркеуге арналған қосымша. Мемлекеттік және қоғамдық орындарға кірер алдында қолданушы арнайы QR кодын сканерлеп, кіреберісте әкімшіге ұсынады. Код келушінің мәртебесін анықтайды.