Шағын және орта бизнеске қатаң шектеулер енгізгені дұрыс шешім – Ольга Ким

Фото: myseldon.com
Фото: myseldon.com
Қазір статистика қалада КВИ ауруы бойынша көрсеткіштер күрт көтерілгенін айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Танымал кәсіпкер Ольга Ким карантин талаптарын қатаңдату дұрыс шешім екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы ақшамы газетіне сілтеме жасап.

«Бүкіл қаланы жапқаннан гөрі шағын орта бизнестерге қатаң шектеулер енгізгені дұрыс шешім. Сондықтан біз жеті күндік шектеуге шыдаймыз. Алайда, осыдан кейін вирустың таралу қарқыны азайып, бәрінің толық іске қосылғаны дұрыс болар еді. Менің ойымша, бұл шаралар біраз уақытқа жұқтыру санының азаюына мүмкіндік береді. Бірақ әрі қарайғы жауапкершілік – Алматының әрбір тұрғынының қолында. Шынында да, көптеген адамдар әлі күнге дейін коронавирусқа сенбейді, бетпердесіз жүре береді және т.б. Одан арылу ұзақ уақытты талап ететіні белгілі. Бірақ қазір статистика қалада КВИ ауруы бойынша көрсеткіштер күрт көтерілгенін айтады. Біз, кәсіпкерлер, бұл мәжбүрлі шара екенін түсінеміз. Дегенмен бұл шектеулер бизнеске қатты салмақ түсіріп отыр», – деді Ким.

Новости партнеров