Алмалы ауданы қаламыздың мәдени саласында негізгі рөл атқарады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевт Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде Алмалы ауданында 45 мәдени-демалыс объектісі, 53 тарих және мәдениет ескерткіші бар.
Олар: мавзолей, 2 - археология қорғаны, 16 - монументалды ескерткіш, 34 - сәулет ескерткіші, 4 кинотеатр, 8 кітапхана, 10 музей, концерт залы, 7 театр, 6 музыка мектебі, балалар шығармашылық үйі, домбыра орталығы, 5 галерея, жазушылар одағы, суретшілер одағы.
«Биыл Мәуленов көшесінде жаңа кітапхананы аштық, онда коворкинг аймағы мен балаларды дамыту орталығы жұмыс істейді. Осылайша, аудан кітапханаларының жалпы саны 8-ге жетті. Аудан кітапханалары 10 парк пен скверлерде балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын-сауық бағдарламалары бар «Жарқын жаз» маусымдық жобасын іске асырып жатыр», – деді қала әкімі.
Сонымен қатар, биыл Райымбек батыр мавзолейін реконструкциялау жұмыстарын бастап, 2023 жылы аяқтаймыз.