Жетісу ауданындағы сауда үйлері жаппай сатылым өткізіп жатыр

06.01.2021 20:47

Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева мәлімдеді

2gis.com

Жетісу ауданындағы сауда үйлері жаппай сатылым өткізіп жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында сұрақтарға жауап беру кезінде Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала тұрғындарының Жаңа жылды қалай қарсы алғаны туралы айта келе, спикер ауданда бірнеше күнге жалғасқан ұзақ демалыс пен мереке күндерін ескере отырып, тұрғындар Жаңа жылды дұрыс атап өтуі үшін түрлі акция ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Ескі Жаңа жыл қарсаңында барлық сауда үйлері жаппай сатылым мен жеңілдік шараларын өткізуде», деді Г. Көкебаева, ол бұған маусымның аяқталуы да ықпал ететінін атап өтті.

Спикердің айтуынша, кәсіпкерлік субъектілері халықты ақпараттандыру үшін белсенді түрде хабарлауда.

«Максима» СОО үлкен жаппай сатылым жүргізуде. Солтүстік айналма көшесі бойындағы сауда үйлері – бұл «Адем»,  «Алатау», барлық «Байсат» базарлары – жаппай сатылымды ұйымдастыруда. Сонымен қатар, «Максима» кинотеатры демалыс күндері, демалыстың соңғы күндерінде балалар үшін билеттердің бағасын төмендету акцияларын өткізуді жоспарлап отыр. Біз сырғанауға арналған төбешікті орнату керек деп шештік және оны шағын Құлагер ауданында орнаттық. Сенбі күні біз оны іске қосамыз деп ойлаймын, енді біздің ауданның балалары да шанамен, баллонмен сырғанай алады. Қазір бізде ондай төбешік жоқ. Мұндай іс-шараларды біздің аудан тұрғындары оң қабылдайды деп ойлаймын», – деді Гүлнар Көкебаева.