Алматылық белсенді жастар қала күніне орай Alatau Creative Hub алаңында мерекелік шара өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жасотандықтар «AlmatyLife» жобасы аясында қаланың ғажайып табиғаты мен тарихи нысандары бейнеленген баннер орнатып, кішкентай тұрғындарға оны бояуды ұсынды. Бүлдіршіндер бұл бастаманы қуана қабылдап, барын салды. Сондай-ақ жылы лебіз білдіріп, шаһарды көркейту бойынша идеяларымен бөлісті.
«Жобаның негізгі мақсаты – қаламыздың кішкентай тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлау әрі қаламыздың түрлі тарихи нысандарын суреттеуге мүмкіндік беру. Осылайша, біз кішкентай бүлдіршіндерімізге тарихи нысандарды насихаттаймыз және осындай керемет қала күніне орай мерекелік көңіл күй сыйлаймыз», – деді қалалық Jas Otan жастар қанаты төрағасының орынбасары Әкежан Кеңесов.