Германияда бір айда 87 мыңнан астам адам КВИ жұқтырған
Фото: REUTERS
Ал Сингапурде халықтың 82 пайызы вакцина салдырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Германияда соңғы төрт аптада коронавирустың 87 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Оның ішінде 26 мың науқас вирусты шет мемлекеттен жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Германиядағы Роберт Кох институтының хабарлауынша, қазіргі науқастардың дені Балқан елдерінен келген. 5 700-ге жуық науқас Косовода 2,5 мыңға жуық неміс азаматы Хорватияда жұқтырған екен.
Ал Сингапурде індет басталғалы коронавирустан 60 адам көз жұмды. Қазір жалпы халық санының 82 пайызы вакцина салдырған.
Маусым айында Сингапур үкіметі «COVID-19 жағдайында өмір сүру» жоспарына көшетінін мәлімдеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25