Алматыда үздік инновациялық стартап иегерлері марапатталды

Енді жеңімпаздар өз бастамасын іске асыру үшін бизнес грантына қатысатын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Креатив жастар» жобасы аясында ұйымдастырылған «Үздік инновациялық стартаптар» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала көлемінде өткен жобаның 12 номинациясы бойынша үздік деп танылған жоба авторларына сыйлықтар мен арнайы сертификаттар табысталды. Енді жеңімпаздар өз бастамасын іске асыру үшін бизнес гранттарына қатысатын болады.  

«Креативті технологияларды игеру және оны жүзеге асыру – заман талабы. Байқау бойынша 5 тренинг өткізіліп, білікті мамандар жастарды даярлады. Жастар өз жобасын, өз идеясын ұсынды», – деді мәслихат депутаты Әсия Ақанова.

Байқау басталғалы 500 өтінім түсіп, іріктеу нәтижесінде 12-сі үздік деп танылды. Бүгін өткен жиында барлық жоба көпшілік назарына ұсынылып, ұйымдастырушылар бастаманың өзектілігі мен ерекшеліктерін атап көрсетті.

Айта кетсек, жастарға мүмкіндік беретін байқау қалалық Қоғамдық даму басқармасының және «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен өтті.

«Менің жасаған жобам «3D биозертхана» деп аталады. Бұл зертханада біз бұрынғы гипстердің орнына қолдан жасалған орамаларды жасадық. Мұндай жоба елімізге келіп жатыр. Ал жаһандық нарықта енді қолға алынған жобалардың бірі», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Орынбасар Қалдарбек. 

Новости партнеров