Жалпы белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15,5%-ға өсті
Қала экономикасы басқармасының мәліметінше, аталған көрсеткіш бойынша Алматы қаласы елімізде көш бастап тұр. 2023 жылдың тамызында іскерлік белсенділік индексі 55,2% болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2023 жылдың басынан мегаполистің барлық ауданында оң динамика байқалады. Жалпы белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15,5%-ға өсті.
"Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны биыл 1 тоқсанында 21%-ға, яғни 871,9 мың адамға дейін өсті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері осы жылдың 1 тоқсанында 14,1% өсіммен өнім шығарды, бұл 3 884,7 млрд теңге. Жетісу ауданында өнім шығару 6,3% төмендеген, ал барлық басқа ауданда өсім байқалады", - деп хабарлады кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.
Шағын бизнес қызметін жандандыру үшін Almaty Business аясында басым салаларды қолдаудың жаңа құралдары әзірленді.
2023 жылы ШОБ-тың ЖӨӨ-ге салымын 60%-ға дейін артады деп болжанып отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 57,8% болды, деп қорытындылады қалалық әкімдік өкілі.