Биыл Алматыда тұрғын үйлердегі 352 жеделсаты ауыстырылады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл жұмыс мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыда тұрғын үйлердегі 352 жеделсаты ауыстырылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Қазірдің өзінде соның 4-еуі жаңарған. Бұған әсіресе, Панфилов көшесі бойындағы үйлердің тұрғындары риза. Өйткені олар 38 жыл бойына ескі лифт пайдаланып келген. Бұл шаруа мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

2020 жылы 302 жеделсаты ауысса, 2021 жылы 334 лифт жөнделіпті. Биыл 352 лифтіні қалпына келтіру көзделіп отыр.  Жұмыс осы қарқынмен жүрсе, алдағы 5 жылда шаһардың тұрғын үй қорындағы барлық ескірген жедел сатылар ауыстырылады деп жоспарлануда.

«Әр лифтіні өзінің бағасы бар. Оны тұрғындардың өздері санайды. Сметасын алып келеді, көреді. Лифтінің темірі бар, материалы бар. Түймелері мен дисплэйін өздері таңдайды, оның бәрі саналады. Бағасы 1 миллионнан жоғары», - деді Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев.

Новости партнеров