Қала әкімі Ерболат Досаев бұл туралы 2023-2024 жылғы жылыту маусымы барысында өткен жұмыс кеңесінде мәлімдеді
Алматыда 20 км жылу желілері 2024 жылы реконструкцияланатын болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл мегаполистің тозған жылу желілерін 1,8%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Алматы әкімі Ерболат Досаев бұл туралы 2023-2024 жылғы жылыту маусымы барысында өткен жұмыс кеңесінде мәлімдеді.
Жиында қала басшысы тозған инфрақұрылымды азайтуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны іске асыруға баса назар аударды. Алматы қаласы бойынша жалпы тозған жылу желілері 59,2% болған. 2023 жылы жүргізіліп жатқан шаралардың арқасында тозған құбырдарды жоспарланған 0,6%-дың орнына 1,3%-ға азайтуға мүмкіндік болды. Осылайша, жыл басында 25 жылдан астам уақыт пайдаланылған ескі желілердің ұзындығы барлық көлемнен 802,6 км немесе 57,9%-ға азайды.
Биыл жалпы ұзындығы 20 км жылу желілерін реконструкциялау жоспарлануда, бұл тозығы жеткен жылу желілерін 1,8%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.