Қазақстанның 7 облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

01.02.2024 21:02

Полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Almaty.tv

Қазақстанның 7 облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың 14 учаскесі жабылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жауапты мамандар әзірге алыс сапар жоспарламауға кеңес беруде. Жағдайға байланысты полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Түркістан облысында тәртіп сақшылары түнгі уақыттан бастап республикалық және облыстық тасжолдарға жұмылдырылды. Құзырлы органдардың соңғы мәліметінше, бүгін халықаралық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолында да шектеулер енгізілді.

– 1 ақпанда Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар «Шолаққорған-Ащысай-Кентау» жолы мен Жамбыл облысымен шекаралас аумақтағы халықаралық «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 534-593 шақырымы қар мен боранның салдарынан жабылды. Барлық транспорт қозғалысына шектеу қойылып, жолаушылар жылы және қауіпсіз орындарға жеткізілуде, – деді жергілікті Полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Асқаров.

Оқи отырыңыз: БҚО-да мас күйінде көлік айдаған әйел жалған анықтама жасатқан