Медеу ауданында «Бюджетке қатысу» бағдарламасы бойынша 20-ға жуық жоба жүзеге асып жатыр

30.07.2021 21:04

Алматыда абаттандыруға деген көзқарас өзгерді

Алматыда абаттандыруға деген көзқарас өзгерді.  Өтйкені соңғы жылдары «Бюджетке қатысу» бағдарламасы жұмыс істейді. Соның арқасында қала тұрғындары мегаполистің сыртқы келбетін өзгертуге қабілетті қандай да бір жобаны іске асыруға дауыс бере алады. Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында 2021 жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын жобаларды атады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бюджетке қатысу» бағдарламасының арқасында біз азаматтардың аулаларды, спорт алаңдары мен басқа да инфрақұрылымды абаттандыру мәселелері бойынша нақты қажеттіліктерін өтей алдық», – деді Әсет Масабаев.

Биыл «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 20-ға жуық жобаны іске асыру жоспарланды. Олардың ішінде:

Назарбаев даңғылы, 176, 264 мекенжайы бойынша 6 контейнерлік алаңға ауыстыру. Достық даңғылы, 95, 109, 111; ш/а Самал-1, ш. а. Самал-3; ш. а. Самал-2; Елебеков к-сі, 29, Абдуллиндер к-сі, 49; 28 Гвардияшыл-Панфиловшылар атындағы саябақ; Нүсіпбеков к-сі, 19, Пушкин к-сі, 3;

Биыл Мақатаев пен Мәметова көшелерінің арасындағы Төлебаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағындағы жөндеу жұмыстары 80% аяқталды;

Абылғазы өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі мен пандустары бар баспалдақтарды  жөндеу жұмыстары 80%-ға аяқталды;

Ибрагимов көшесі Алатау ықшамауданы бойынша серуендеу аймағында осы жылғы жөндеу жұмыстары 70%-ға аяқталды;

Шоқай көшесіндегі тротуардың биылғы жөндеу жұмыстары 40%-ға аяқталды;

«Компас» АЖС-нан Құмай көшесі мен Шоқай көшесіне дейін ШААЖ бойынша жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмыстары аяқталды.

Биыл Алатау шағын ауданындағы «Ардагерлер аллеясын»  жөндеу жұмыстары 70%-ға аяқталды;

Қарасай батыр көшесі бойындағы Қалдаяқов көшесінен Зенков көшесіне дейінгі «медицина қызметкерлері» аллеясының биылғы жөндеу жұмыстары 60%-ға аяқталды;

Луганский көшесіндегі 70 және 80 үйлер арасындағы скейт-алаңдағы жөндеу жұмыстары 60%-ға аяқталды;

Төле би көшесінің қиылысы Орманов көшесі бойындағы паркур алаңын биылғы жөндеу жұмыстары 60%-ға аяқталды;

Думан шағын ауданында Тіксай өзені бойындағы жабық спорт алаңындағы жөндеу  жұмыстары 70%-ға аяқталды;

Құмай көшесіндегі балалар және спорт алаңының жөндеу жұмыстары 90%-ға аяқталды;

Автоматты суаруды биыл жөндеу: Әл-Фараби даңғылымен Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін;

Төле би көшесінде Қайырбеков көшесінен ШААЖ-ға дейін автоматты суаруды жөндеу.

Медеу ауданының әкімдігі аула аумақтарын абаттандыру мәселесіне ерекше назар аударады. Әкім Ә. Масабаев Медеу ауданында 784 көппәтерлі тұрғын үй және 536 аула бар екенін айтты.

«Маусым айында 264 млн теңгеге 60 аула аумағына биыл жөндеу жұмыстары басталды, оның аясында кіші сәулет нысандарын жөндеу мен сырлау, шам ауыстыру, резеңке жабынды төсеу, ағаштарды санитарлық кесу, воркаут снарядтары мен күштік тренажерлармен толықтыру көзделген. Бүгінде 26 аулада резеңке төселді, 46 аулада жарық орнатылды, тағы 26 аулада бояу жүргізілді. Тамыз айының соңына дейін абаттандыру жұмыстары толық аяқталады», – деп сендірді әкім.

Сонымен қатар, Самал-2 шағын ауданында әл-Фараби даңғылының бойындағы 22 үйдің қасбеттерін жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі кезде №17 үйде сырлау жұмыстары жүргізілуде. №18,19,20,21,29 үйлерде сылау, жіктерді сылау, кондиционерлерді демонтаждау бойынша дайындық жұмыстары басталды. Жұмыстың аяқталу мерзімі – биылғы жылдың қазан айы.